Қазақстан азық-түлік өнімдері импортын қысқартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азық-түлік өнімдері импортын қысқартады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бұған бүгін Үкіметте мақұлданған 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамыту шаралары өз септігін тигізбек.
«Бағдарламада біз өңдеу өнеркәсібін дамытуға бар күш-жігерімізді шоғырландырдық. 2020 жылға қарай бірқатар өнім түрлерінің импорт көлемі қысқаратындығын күтудеміз», деді ол.
А.Мамытбековтің атап өтуінше, қазіргі таңда елімізде азық-түлік өнімдерінің негізгі импортталатын түрлері жалпы импорт көлемінің 60 пайызынан асып жығылады. Мәселен, жалпы импорт көлемінің 18 пайызын кондитерлік өнімдер құраса, сүт өнімдері - 13, қант - 8, құс еті - 6, жеміс-жидек қалбыры - 6, шай - 5, өсімдік майы мен шұжық өнімдері - 3 пайызға тең.