Қазақстан балалар құқықтарын қамтамасыз ету саласында жаңа шешімдерді жасақтаушы болады

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында жаңа шешімдерді жасақтаушы болады. Бүгін Астанада Балалар құқығы туралы конвенцияға 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған конференция барысында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев осылай деді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.Әбіқаевтің атап көрсеткеніндей, Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірлесіп, Балаларды қорғау жүйесін одан ары жетілдіре беретін болады. «Қазақстан үшін елде ювеналды сот жүйесін жасақтау, балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу, жетім балалардың тәрбиесіне жанұялық тәрбиелеудің баламалы түрлерін енгізу, жарымжан жеткіншектердің қажеттілігін қамтамасыз ету мәселелері өзекті», деді ол.

«Қазақстан әлемдік қауымдастықтың, ЮНИСЕФ-тің жаһандық күн тәртібіндегі мақсаттарды қолдайды. Абыройлы, бақытты балалық шақты қамтамасыз ету, балаларды және олардың денсаулықтарын қорғау, жастарды дамыту міндеттемелерін орындауға бар күшін салады. Қазақстан Үкіметінің 2010-2015 жылдарға арналған бағдарлама негізінде Қазақстан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында жаңа шешімдердің жасақтаушысы болады», деп атап көрсетті Н.Әбіқаев. 

 Оның айтуынша, елдегі білім беру, денсаулық сақтау, кедейшілікті азайту, көші-қон, демографиялық даму, жарымжан адамдарды сауықтыру жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар, сонымен қатар балалардың құқықтары мен көзқарастарын сақтау ұлттық саясатының орындалуына бағытталған. «Әлемдік дағдарысқа қарамастан, Елбасының бастамасымен құрылған бағдарлама бойынша 100 мектеп, 100 аурухана салынуда, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, спорттық залдар және басқа да әлеуметтік құрылыстар тұрғызылуда», деді Н. Әбіқаев.   

Соңғы жаңалықтар