Қазақстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 39 пайызға қысқаруына қол жеткізді

АНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, соңғы 8-10 жыл көлемінде қаңғыбас балалар санын күрт қысқартты. Ал балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты 39 пайызға азайды.

Қазақстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 39 пайызға қысқаруына қол жеткізді

Бұл туралы Астанда өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында «Детство без границ» қоғамдық бірлестігінің өкілі мәлім етті.

Оның мәліметтерінше, Қазақстанда осы уақытта 4 миллион отбасы тұрады. Онда 5 миллион бала бар. Бұл балалардың барлығының жағдайы жақсы деуге келмейді, әрине.

«Бүгінде әлемде балаларға қатысты проблемасы жоқ елді табу қиын. Дамыды, өсті, талай жылдық демократиялық дәстүрлері бар деген мемлекеттердің өзінде балалармен байланысты шешуін күткен мәселелер жетерлік. «Ақ Қазақстанның дербес ел болғанына енді ғана 20 жыл толғалы отыр. Осыған қарай біздің елде де бұл бағытта біршама мәселелердің бар екені рас. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалармен жұмыс істейтін біз олардың проблемаларын жақсы білеміз. Осы проблемаларды шешудің мемлекет үшін қаншалықты қиын болғанын да білеміз. Ең бастысы, бұл мәселелер шешімін тауып отыр», деді қоғамдық бірлестік өкілі.