«Қазақстан балалары полигонға қарсы» деп аталатын шара өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Невада- Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы әлем жұртшылығына арналған «Қазақстан балалары полигонға қарсы» деп аталатын шара өткізбек.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «ХХІ ? ядросыз ғасыр» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«20 жыл бұрын Олжас Сүлейменов ашық эфирге шығып Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары туралы ахуалды айтқан болатын. Бұл жұртшылық тарапынан қолдау тауып 2 миллиондай қазақстандық қозғалыс мүшесіне айналды. Кейін ол әлемдік масштабқа көтеріліп дүниенің түкпір-түкпіріндегі өзге ядролық сынақ алаңдарының жабылуына себепкер болды. Алайда полигон жабылғанмен оның зардаптары әлі жойылған жоқ. Ол әлі талай уақыт жалғаса бермек. Сондықтан біз алдағы уақытта «Қазақстан балалары полигонға қарсы» деген жаңа шара өткізбекпіз», дейді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Майдан Әбішев. Оның айтуынша, қозғалыс қазіргі таңда полигон маңындағы халықтың денсаулығы мен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға күш салуда. Осыған байланысты бүгін қозғалыс басшысы конференцияға қатысушыларды алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарының басым бағыт-бағдарымен кеңірек таныстырмақ.
Соңғы жаңалықтар