«Қазақстан Барысы-2024»: Ең ауыр, ең жеңіл, ең жас, ең жасы үлкен балуан кім

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында Республика күніне орай қазақ күресінен өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2024» республикалық турниріне қатысып жатқан балуандар арасындағы  ең ауыр, ең жеңіл, ең жас, ең жасы үлкен балуандарды назарларыңызға ұсына кеткенді жөн санап отырмыз.

Қазақстан барысы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгінгі додаға қатысып жатқан балуандардың арасында жасы ең кішісі – Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Әділет Мурзаш. Ол 2006 жылы дүниеге келген. Оның салмағы 127 келі болса, бойы - 180 см.

Ал жасы ең үлкені – астаналық балуан Олжас Шынкеев. Ол 1992 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Салмағы – 119 келі болса, бойы – 178 см. 

Қазақстан барысы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Қазақстан барысы-2024» республикалық турнирінде бақ сынап жатқан балуандардың арасындағы салмағы ең жеңілі - Алматы қаласының балуаны Әбдіқасым Сахан мен Ақтөбе облысының балуаны Азат Қуанов. Екеуінің де салмағы 90 келі. Ал осы турнирдегі ең ауыр салмақтағы балуан Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов. Оның салмағы – 160 келі.

Сонымен қатар аталған турнирде бақ сынап жатқан балуандардың арасында бойы ең ұзыны Алматы облысының балуаны Мәди Еділбаев. Оның бойының биіктігі – 195 см, ал ең аласа балуан Ұлытау облысынан келген Айдос Ғалымов. Оның бойы – 174 см. 

Қазақстан барысы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана төріндегі «Барыс Арена» стадионында «Қазақстан Барысы-2024» республикалық турнирі басталғанын жазған болатынбыз.

Турнирге барлығы 42 балуан қатысып жатыр. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның ең мықты балуаны анықталып, 15 миллион теңгеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар