«Қазақстан Барысы-2014»: Қызылордалық Руслан Әбдіразақов қола жүлдегер атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде сайыстың қола жүлдесі үшін қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен жамбылдық Дәулетхан Жақыпов өзара бәсекеге түскен еді.
Бұл додада 2013 жылғы «Қазақстан Барысынан» басым түскенімен, жартылай финалда Мұхит Тұрсыновқа жол берген Р.Әбдіразақов Жақыповтан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.