«Қазақстан Барысы-2015»: Финалға Б.Ыстыбаев пен Р.Әбдіразақов шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турниріне финалға шыққан қос палуан анықталды. Олар - Руслан Әбдіразақов пен Бейбіт Ыстыбаев.
Жартылай финалда алдымен Руслан Әбдіразақов пен Жұманазар Ерсұлтанов белдесіп, қызылордалық Руслан Әбдіразақов соңғы секундтарда жеңісті қолдан жұлып алған. Ал Ғани Сейділдаев пен Бейбіт Ыстыбаев арасындағы жекпе-жекте Бейбіт Ыстыбаев таза жеңіспен басымдық танытты.
Айтулы доданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалауда. Бұл турнирді Қазақстанның ұлттық арнасы мен «Kazsport», сондай-ақ Түркияның «ТРТ» арнасы және Ресейдің «Боец» арнасы да тікелей эфирде таратуда.