«Қазақстан Барысы-2015»: Жүлдеден үміткер төрт палуан белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирі бойынша жартылай финалға шыққан төрт палуан айқындалды.

«Қазақстан Барысы-2015»: Жүлдеден үміткер төрт палуан белгілі болды

Еске сала кетейік, айтулы доданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалауда. Бірінші кездесуде боз кілемге қарағандылық Ержан Шыныкеев пен Руслан Әбдіразақов шыққан болатын. Екеуі де аса тәжірибелі, осы турнирлер барысында бірі қола, бірі күміс жүлдегер атанған палуандар. Дегенмен, тартысты кездесу барысында Руслан Әбдіразақов нағыз бабында екенін дәлелдеді. Ал өткен жылы күміс жүлдегер атанған Асыл Бәрменов те ширек финалдан аса алмай қалды. Ол ең ауыр салмақтағы палуан Жұманазар Ерсұлтановпен жекпе жекте айласын асыра алмады. Ал Ерлан Омаров пен Ғани Сейділдаев арасында екі палуан бірін-бірі ала алмай, қосымша белдесуде Сейділдаев жартылай финалға шықты.

Ал Бейбіт Ыстыбаев пен Нұрым Сәлімгерев негізгі уақытта еш ұпай еншілей алмады. Ал қоян-қолтық белдесуде Бейбіт Ыстыбаев басымдық танытты.