«Қазақстан Барысы-2016»: Биыл кімнің бағы жанады? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осымен 6-мәрте жалауы желбірейтін «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталды. Бүгінде еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан үздіктердің үздігі атанған 32 балуан енді шілденің 3 күні елорда төрінде өтетін шешуші сында өнер көрсетеді.
None
None

Биыл «Қазақстан Барысына» іріктеу сындары өте тартысты өткені белгілі. Олай дейтініміз осы жылы финалдық белдесуге жолдама алған жаңа есімдерді көптеп кездестіруге болады. Нақтырақ айтсақ, биыл бұрындары есімдері белгісіз 11 балуанның өнеріне куә боламыз. Бұл еліміздің әр өңірінде қазақ күресінің жыл сайын жоғары деңгейде дамып келе жатқанының белгісі.

Енді сол 11 балуанның кімдер екенін оқырмандарымызға таныстыра кетуді жөн санап отырмыз. Олар: Дулат Алпысов (СҚО), Алтынбек Аусағитов (СҚО), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (БҚО), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (ШҚО), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) және Мереке Тұрашев (Ақмола облысы). Мүмкін, осы есімдердің арасынан жаңа чемпиондардың шығуы да ғажап емес.

«Қазақстан Барысы 2016» турнирінің ақтық сайысына қатысатын балуандар:

Ақмола облысы:
null
Мереке Тұрашев

4 сәуір 1990 ж.
null
Лақап аты:
Ақмола Барысы

Леонид Станеев

Туған жылы:

29 шілде 1993 ж.

Лақап аты:
Ақмола Қасқыры

Ақтөбе облысы:
null

Дархан Темірханов,

Туған жылы:

7 мамыр 1992

Лақап аты:

Ақтөбе арланы

null

Нұрсұлтан Иманғазин

Туған жылы:

26 маусым 1990

Лақап аты:

Мұғалжар қыраны

Алматы облысы:
null

Ұлан Рысқұл

Туған жылы:

21 қыркүйек 1986 ж.

Лақап аты:

Қыран

null

Александр Касачёв

Туған жылы:

11 шілде 1987

Лақап аты:

Қарасай бөрісі

Атырау облысы:
null

Сұңғат Закарияев

Туған жылы:

9 тамыз 1992 ж.

Лақап аты:

Ағатай

null

Кенжебек Күзембаев

Туған жылы:

5 қазан 1991

Лақап аты:

Шеркеш

Батыс Қазақстан облысы:
null

Олжас Сүлейменов

Туған жылы:

4 қантар 1995 ж.

Лақап аты:

Адай тарланы

null

Сержан Ерлан

Туған жылы:

3 наурыз 1992 ж.

Лақап аты:

Шоткара

Жамбыл облысы:
null

Айбол Айтбек

Туған жылы:

1 қазан 1992 ж.

Лақап аты:

Әулие-ата барысы

null

Дәулетхан Жақыпов

Туған жылы:

18 ақпан 1992

Лақап аты:

Талас тарланы

Қарағанды облысы:
null

Асыл Бәрменов

Туған жылы:

13 маусым 1988 ж.

Лақап аты:

Алсай

null

Бекзат Ахметбеков

Туған жылы:

25 мамыр 1989 ж.

Лақап аты:

Сайдалы

Қызылорда облысы:
null

Еламан Ерғалиев

Туған жылы:

25 наурыз 1995 ж.

Лақап аты:

Сыр Барысы

null

Руслан Әбдіразақов

Туған жылы:

27 сәуір 1988

Лақап аты:

Сыр арланы

Қостанай облысы:
null

Ерлан Омаров

Туған жылы:

22 тамыз 1984

Лақап аты:

Қара палуан

null

Абылайхан Қасымхан

Туған жылы:

12 сәуір 1995 ж

Лақап аты:

Жас Барыс

Маңғыстау облысы:
null

Нұрдәулет Жарылғапов

Туған жылы:

2 сәуір 1996

Лақап аты:

Қара Бура

null

Ербол Игілік

Туған жылы:

25 тамыз 1990 ж.

Лақап аты:

Қосай

Оңтүстік Қазақстан облысы:
null

Жұманазар Ерсұлтанов

Туған жылы:

1 қантар 1984

Лақап аты:

Жақсықұл

null

Нұрсұлтан Мыңғышов

Туған жылы:

2 қыркүйек 1991

Лақап аты:

Шойын

Павлодар облысы:
null

Самир Мәмедов

Туған жылы:

3 қазан 1988 ж.

Лақап аты:

Ірбіс

null

Еркебұлан Егінбаев

Туған жылы:

1 мамыр 1993 ж.

Лақап аты:

Исабек Ишан

Солтүстік Қазақстан облысы:
null

Алтынбек Аусағитов

Туған жылы:

28 тамыз 1994 ж.

Лақап аты:

Қызыл-ту Барысы

null

Дулат Алпысов

Туған жылы:

8 мамыр 1979 ж.

Лақап аты:

Аманжол

Шығыс Қазақстан облысы:
null

Айбек Нұғымаров

Туған жылы:

3 маусым 1987 ж.

Лақап аты:

Шығыс барысы

null

Асхат Құсайынов

Туған жылы:

7 тамыз 1992

Лақап аты:

Аягуз Барысы

Алматы қаласы:
null

Виктор Демьяненко

Туған жылы:

11 маусым 1991 ж.

Лақап аты:

Алатау ақ аюы

null

Бауыржан Қабай

Туған жылы:

10 қараша 1994

Лақап аты:

Алматы Арланы

Астана қаласы:
null

Айбат Сейтен

Туған жылы:

20 мамыр 1992 ж.

Лақап аты:

Батыр

null

Айтуар Абдулов

Туған жылы:

12 шілде 1992

Лақап аты:

Арыстан

Әскер Барысы:
null

Талғат Әмренов

Туған жылы:

11 ақпан 1988 ж.

Лақап аты:

Шотқара

«Қазақстан Барысы-2015» турнирінің жеңімпазы:
null

Бейбіт Ыстыбаев

Туған жылы:

9 мамыр 1985 ж.

Лақап аты:

Тараз арланы

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирі ақтық сайысының жеңімпазы, «Тайтұяқ» пен Қазақстан барысы алтын белбеуінің иегері анықталатын дүбірлі дода 3 шілдеде сағат 12:00-де елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Дайындаған Күнсұлтан Отарбай,

Мәліметтер мен суреттер «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорынан алынды

Соңғы жаңалықтар