«Қазақстан барысы-2016» жарысының жеңімпазы 25 млн теңге мен пәтер иеленеді

«Өздеріңіз білетіндей, іріктеу кезеңдері ауыл мен аудандардан басталды. Осылайша, 14 облыс, Астана және Алматы қалаларынан екі-екі балуан «Қазақстан барысы-2016» додасына өтті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл тарихта бірінші рет әскери қызметкерлер арасында «Әскер барысы» турнирын өткізген едік. Соның жеңімпазы 33-інші балуан ретінде «Қазақстан барысы» турнирына қатысады»,-деп хабарлады А.Шораев.
Оның айтуынша, турнирдың биылғы жүлде қоры 42 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде, 25 млн теңге бірінші орын алған балуанға бұйырады.
«Биыл еліміздің экономикалық жағдайы қолайлы болмаса да, соған қарамастан бүкіл күшімізі салып, турнирдың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында жүлде қорымыз 42 млн теңгені құрап отыр. Соның ішіде, бірінші орын алған балуанға 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер тігіп отырмыз»,-деп хабарлады А.Шораев.
Айта кетейік, «Қазақстан барысы-2016» турнирының финалы 3 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Көрермендер арасында автокөлік ойнатылады. Балуандар жарысын ««KazSport»» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч!Боец» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.