«Қазақстан барысы-2023»: Руслан Әбдіразақов ширек финалда жығылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жетісу барысы Руслан Әбдіразақов елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінің ширек финалынан қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ширек финалдағы қарсыласы Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов болды. Тартысты белдесуде маңғыстаулық «Қара бура» басым түсті.
Бұған дейін ширек финалға өткен балуандарды атаған болатынбыз.Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдан өзгеше өтіп жатыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынауда. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.