«Қазақстан барысы»: 3 чемпион да бірінші айналымнан ары аса алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан барысы» турнирінің былтырғы жеңімпазы Мақсат Исағабылов елордадағы биылғы турнирден жүлдесіз қайтатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан барысы»: 3 чемпион да бірінші айналымнан ары аса алмады

«Қызылорда барысы» әуелі ақтөбелік Еламан Қойшыбаевты ұтқан болатын. Ал «Алматы облысының барысы» Нұрғали Жолтаевпен күрес «белдесу» кезеңіне жетіп, Қонаев қаласының спортшысы екінші айналымға шықты.

Осылайша биылғы турнирде бұған дейінгі жылдары жарыс жеңімпазы атанған үш балуанның біреуі ғана екінші айналымға шығып отыр. Бұған дейін 2017 және 2021 жылдары «Қазақстан барысы атынған Дәурен Нұралинов пен Еламан Ерғалиев жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдан өзгеше өтіп жатыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынауда. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.