Қазақстан Барысы: Шымкенттің намысын кім қорғайтыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен жыл сайын өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінде жуырда ғана Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласының намысын екі балуан қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жайлы бүгінгі Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Барысы» қорының төрағасы Арман Шораев мәлім еткен болатын. Енді, олардың кімдер екеніне тоқтала кетсек.

ЕРЖАН ДҮЙСЕНБЕКОВ

Аймағы: Шымкент

Лақап аты: Шымкент барысы

Туған күні: 01.01.1987

Бойы: 190 см

Салмағы: 135 кг

Спорттық атағы: Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер

«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: Тұңғыш рет

Бапкері: Бауыржан Тұманбаев

ӘДІЛЖАН ЫСТЫБАЕВ

Аймағы: Шымкент

Лақап аты: Хамза

Туған күні: 27.08.1992

Бойы: 180 см

Салмағы: 93 кг

Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорттық жетістіктері: Жастар арасындағы Әлем чемпионы (2011), Ересектер арасындағы Азия чемпионы (2011, 2013), әлем чемпионы (2017).

«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2011, 2017 ж.

Бапкері: Ғани Ақмұратов

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінде бақ сынайтын 35 балуанды жеке-жеке таныстырып өткен болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар