«Қазақстан Барысы» турнирі финалдық сайысының билеттері сатылымға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 маусым күні қазақ күресінен Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық бәсекесі өтеді.

«Қазақстан Барысы» турнирі финалдық сайысының билеттері сатылымға түсті

«Төл күресімізден осымен 4-ші рет ұйымдастырылатын додаға жыл сайын 8 миллионға жуық жанкүйер қызығушылық танытады. Жылдың ең айтулы спорттық оқиғасы Астана қаласының туған күніне орай өтетін түрлі мерекелік іс-шаралардың бастамасы болмақ», - делінген «Қазақстан Барысының» ресми сайтында. Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирінде «Алтын белбеу» мен «Тайтұяқтың» ғана емес, сонымен қатар Hyundai Elantra автокөлігінің иесі де анықталады. «Су жаңа көлікті ұтып алғыңыз келсе, бағасы 1000/3000/5000 теңге тұратын билеттерді сатып алыңыз! Көрермендерді темір тұлпардан бөлек түрлі тосын сый күтуде. Әрине, ең басты тартыс кілемде өтеді. Батырыңды қолдауға кел де, көлік ұтып ал!», - делінген хабарламада.