Қазақстан Барысы: Жартылай финалға шыққан балуандар анықталды

  АСТАНА. ҚазАҚпарат - «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» VIII Республикалық турнирінің жартылай финалына шыққан балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Барысы: Жартылай финалға шыққан балуандар анықталды

Ширек финалда алғаш болып боз кілемге шыққан Айбек Нұғымаров пен Дәурен Нұралинов арасындағы белдесу шығысқазақстандық Айбектің жеңісімен аяқталса, екінші болып Мақсат Исағабылов пен Ержан Шынкеев өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Шынкеев қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Ал, өткен жылы «Қазақстан Барысы» атанған  Еламан Ерғалиев пен  Ерасыл Қажыбаев арасындағы аса тартысты өткен белдесу негізгі уақытта тең тәтижемен аяқталды. Қосымша уақыттағы қоянқолтық белдесуде  «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев қарсыласын ұтып, жартылай финалға шыққан үшінші балуан атанды. Ал төртінші болып жартылай финалға «Қазақстан Барысына» тұңғыш қатысып отырған  Ерсұлтан Мұзаппаров шықты.

Енді жартылай финалда Айбек Нұғымаров пен Ержан Шынкеев белдесетін болса, онда Ерасыл Қажыбаев пен Ерсұлтан Мұзаппаров белдеседі.