«Қазақстан Барысына» Қарағанды облысынан 2 палуан барады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына Қарағанды облысынан Ерқанат Молдағұлов пен Ақжігіт Оралов баратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Барысына» Қарағанды облысынан 2 палуан барады

Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінде қазақ күресінен «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирі өтті. Кіл мықты палуан атағы үшін 26 спортшы күш сынасты. Нәтижесінде Бұқар Жырау ауданынан Ерқанат Молдағұлов жеңіске жетті.

Екінші орынды Шет ауданының тумасы Ақжігіт Оралов, үшінші орынды Жезқазғаннан келген балуан Бекзат Ермеков иеленді.

«Бұл турнир 11-ші рет өткізіліп отыр. Аталмыш ұлттық спорт түрінің танылуы жыл сайын артып келеді Жас балуандардың саны да артуда. Өңірлік турлардың нәтижелері бойынша екі мықты спортшы «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады», - деп атап өтті «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының спортменеджері Жасұлан Мұсабеков.

Биыл «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 3 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтеді. Қарағанды облысының намысын Ерқанат Молдағұлов пен Ақжігіт Оралов қорғайтын болады.