Қазақстан бас бостандығынан айырылғандардың үлес саны бойынша әлемдік рейтингте 55-орынға түсті - А. Раxметуллин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан сотталғандардың ішінде бас бостандығынан айырылған азаматтардың көлемі бойынша әлемдік рейтингте 55-орынға түсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин мәлім етті.

Қазақстан бас бостандығынан айырылғандардың үлес саны бойынша әлемдік рейтингте 55-орынға түсті - А. Раxметуллин

«2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы сотқа 10,4%-ға іс көп түсті және қаралды. Жаңа заңнамалық база сот қорғау саласын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы ақталғандардың саны 55%-ға артқан. Егер былтыр ақталғандар саны 478 болса, 2015 жылы - 743 болды», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар саны 9 мың адамды құраған. Сонымен қатар 5520 адамға жауапкершілік ауыр жазадан жеңіліне ауыстырылды.

«2015 жылы сотпен бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 25,5%-ды құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13%-ға кем. Осының нәтижесінде Қазақстан сотталғандардың саны бойынша әлемдік ретингте 55-орынға сырғыды. 100 мың адамға бізде 233 сотталғаннан келеді», - деді А. Раxметуллин.