Қазақстан басқарудың парламенттік жүйесіне көшуі мүмкін - поляк сарапшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі басқарудың парламенттік жүйесіне көшуге ұмтылыстан туындауы мүмкін.
Мұндай пікірді Польша Республикасының сенаторы Казимеж Клейна білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің, сонымен қатар Конституцияда бекітілген басқарудың президенттік жүйесі қызметінің 25 жылдығы тұрғысынан алып қарағанда бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, өзге де қазақстандық саясаттанушылардың жария сөз сөйлеулерінде бірнеше мәрте қозғалған. Дегенмен, қазіргі уақытта мұндай шешімнің қабылдануы таңданыс тудырмай қоймайды. Менің пайымымша, бұл жағдайда басқарудың парламенттік жүйесіне көшуге ұмтылыс байқалады. Алайда, жұмыс тобы әзірлеген нақты шешімдер және соған сай Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына түзетулер жобасы оның дәлелі бола алады», - деді Казимеж Клейна.