Қазақстан басшылығы маңызды қадамдарды іске асырмақ – әзербайжандық сарапшы
Ғалым өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі бастамаларымен егжей-тегжейлі танысып шыққанын айтты.
Президент Қ. Тоқаевтың сөзінде салықтық ынталандыру, іскерлік белсенділікті көтеру үшін тиісті ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ ақша-несиелік құрамдауыш бойынша сапалы жаңа стратегияны әзірлеуге байланысты тақырыптарды көтерді.
«Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық түрлену тұрғысында бұл қадамдар маңызды сегменттердің бірі болып саналады. Осы проблема барша посткеңестік кеңістікке тиесілі, себебі ақша-несие құрамдас бөлігі дамуының жеткіліксіздігі проблемасы жүйеліктің және экономикалық саясат кешенділігінің негізгі кедергісі екенін көріп тұрмыз», - деді сарапшы.
Э. Мамедов пікірінше, экономикалық түрлену жүйелік және кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
«Оның ішінде бұл шаралар ақша-несие құрамдауышына да қатысты болуы керек. Ол өз кезегінде Қазақстан ұлттық экономикасының озыңқы өсімін қамтамасыз етуі қажет», - деді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 20 желтоқсанда елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті.