Қазақстан басшылығы мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатын өз азаматтарының құқықтарын қорғаудағы маңызды басымдық ретінде қарастырады - Қ. Саудабаев
Бүгін Астанада 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының халықаралық тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қ. Саудабаев ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде Қазақстан халқы тек қана табиғи өсімнің арқасында көбейіп жатпағандығына көзі жеткенін атап көрсетті. «Айтарлықтай дәрежеде бұған сыртқы көші-қонның оң сальдосы әсер етуде. Бұл тіпті біздегі экономикалық дағдарыс кезінде де сақталып отыр», деді ол.
Қ. Саудабаев этникалық қазақтардан бөлек жыл сайын ондаған мың шетелдіктер біздің елімізге көшіп келуге, Қазақстан азаматы атануға ұмтылатындықтарына тоқталды. «Бұл тұтастай алғанда біздің елде адамның іргелі құндылықтары сақталып отырғанының нақты индикаторларының бір болып табылады. Түптеп келгенде, бірде-бір парасатты адам адам құқықтары ылғи да бұзылып жататын елге көшіп келуге ұмтылмайды», деді ол.