20:51, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақстан басшысына Ресейдің саясат, мәдениет және өнер қайраткерлері құттықтау жеделхаттарын жолдады
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оны 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтаған хаттар мен жеделхаттар әлі де көптеп түсуде. Қазақстан басшысына Ресейдің саясат, мәдениет және өнер қайраткерлері құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен Ресей Президенті жанындағы Азаматтық қоғамды дамытуды қолдау және адам құқықтары кеңесінің төрағасы Э.Памфилова, Ресей Мемлекеттік Думасының орнықты даму мәселелері бойынша кіші комитетінің төрағасы, Социалистік Еңбек Ері, РҒА академигі М.Ч.Залиханов, белгілі мүсінші З.К.Церетели мен белгілі киноактер Армен Джигарханян құттықтап, барлық жақсылықты тілеген жүрекжарды лебіздерін жолдаған.