Қазақстан бастамашы болған заң үлгісі ТМД Парламентаралық Ассамблеясында мақұлданды

АСТАНА.KAZINFORM - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық парламентшілер бүгін Тәжікстан астанасында өтіп жатқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Казахстанский модельный закон о семейно-бытовом насилии одобрен МПА СНГ в Душанбе
Фото: ҚР Парламенті Сенаты

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында Қазақстан бастамашы болған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заң үлгісі мақұлданды. Оны бұрын еліміз Қазақстандағы заң шығарушылықтың оң тәжірибесін ескере отырып ұсынған болатын. Заң әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтудегі бетбұрыс болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан ТМД Парламентаралық Ассамблеясында Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары федерациясына бақылаушы мәртебесін беру туралы айтты.

Депутат Ольга Булавкина кездесуге қатысушыларды жерді басқару, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және ТМД-ға мүше мемлекеттердің жер қойнауын пайдалану туралы үлгі кодексіне түзетулер енгізу туралы заң үлгілерімен таныстырды, олар ұлттық заңнамаға енгізу үшін ТМД ПАА мүше мемлекеттердің парламенттеріне ұсынылды.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі көшпелі сессиясының іс-шаралары Тәжікстан астанасында өтіп жатыр. Тәжікстан 2025 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді.

Осыған дейін Қазақстан парламентарийлері Душанбеде ТМД ПАА-ның пленарлық отырысына қатысқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар