Қазақстан батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның София қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Әлемдік біріншілікте 5 спортшы ел атынан өнер көрсетеді.

Синхронды және жеке секірулерде Пірмаммад Әлиев, Даниил Мұсабаев, Роман Барков және Ерлан Тасмағамбетов бақ сынайды.

Игорь Грачев қос мини-трампта медальдар үшін таласады.


Соңғы жаңалықтар
telegram