Қазақстан базарларында жұмыс істейтін қырғыз саудагерлерін тіркеу амалдары оңтайландырылды ? Бішкек

БІШКЕК. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстан Үкіметінің баспасөз қызметі көрші республикадағы еңбек мигранттарының, Алматы және Астана базарларында саудамен айналысатын қырғыз саудагерлерінің жағдайы туралы мәселеге жауап беретін ақпараттық хабарлама таратып отыр.


Қазақстан   базарларында жұмыс істейтін   қырғыз саудагерлерін  тіркеу амалдары  оңтайландырылды ? Бішкек
Атап айтқанда, Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікпен айналысуы мақсатында, қырғыз Үкіметінің 2009 жылғы сәуірдің 2-сіндегі өкімімен (№144-1) Қазақстан базарларындағы қырғыз саудагерлерінің тіркелу амалын оңтайландыратын келісім жобасын мақұлдады. Бұл құжат көрші Қырғызстанның азаматтарына заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік береді, ал Қазақстандағы заң бойынша, шетелдік азаматтар жеке кәсіпкерлікпен тек заңды тұлға құрғаннан кейін ғана айналыса алады. Қырғыз кәсіпкерлері өз қызметтерін Қазақстанның салық қызметтері беретін құжаттардың негізінде жүзеге асыратын болады. Қырғыз үкіметіндегілердің пайымдауынша, қабылданып отырған өкім Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасындағы қырғыз азаматтарын қолдау жөніндегі мақсатты жұмысты бастауға, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді шешудегі мемлекеттік және жеке құрылымдардың арасындағы өзара іс-қимылдарды дамытуға, шетелдерде қырғыз азаматтарын өркениетті жолмен жұмысқа тұрғызу жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді.