Қазақстан, Беларусь, Ресей кеден қызметтерінің басшылары «Қорғас» бекетінің жұмысымен танысты
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан, Беларусь және Ресей кеден қызметтері бірінші басшыларының кеңесі өтті,
деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеден қызметтерінің басшылары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Қорғас» кедендік бекетінің жұмысымен және инфрақұрылымымен танысты.
Жұмыс кездесуін өткізудегі мақсат - Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің кедендік заңнамаларын үйлестіру, кедендік ресімдеу ережелерін мен амалдарын бірегейлендіруге, оңтайландыруға және автоматтандыруға бағытталған іс-қимылдарды келісу болып табылады.