Қазақстан биатлоншылары әлем кубогында бесінші орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан өткен Әлем кубогының сегізінші кезеңі аясында супермикст бәсекелерінде жерлестеріміз бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жекелей аралас эстафетада Қазақстан намысын Галина Вишневская мен Ян Савицкий қорғады. Бұл сында бас жүлдені аустриялық (Лиза Хаузер, Симон Эдер) - 31:35.1 команда жеңіп алса, екінші орынды АҚШ  (Сьюзен Данкли, Лоуэлл Бейли) құрамасы қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орын Германия  (Лаура Дальмайер, Роман Реес) құрамасына бұйырды. Ал біздің командамыз бесінші орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, Швеция елінің Эстерсунд қаласында өткен кезеңде де дәл осы құрам бесінші орыннан көрінген болатын.

Соңғы жаңалықтар