Қазақстан бірінші таймның қорытындысында Швецияға 0:1 есебімен жол берді
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы матчтың алғашқы жартысында Швеция командасынан 0:1 есебімен ұтылды, деп хабарлады sports.kz сайты.
Алғашқы голды қонақтардан Ибрагимович соқты.
Еске сала кетейік, елордадағы "Астана-Арена" спорт сарайында 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу матчы Қазақстан мен Швеция құрамалары арасында өтіп жатыр.