Қазақстан бірнеше жылдан бері алғаш рет уран өндірісін төмендетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бірнеше жылдан бері алғаш рет уран өндірісін төмендетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бірнеше жылдан бері алғаш рет уран өндірісін төмендетеді

ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында таратылған мәліметтерге сәйкес, былтыр Қазақстан 24,6 мың тонна уран өндірген. 2017 жылы өндіру көлемі 22,1 тонна болады деп жоспарланған.

«Уранның әлемдік бағасы 47 пайызға дейін төмендеуіне байланысты, 2017 жылы оның өндірісін азайту көзделген», - деп атап өтті Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 

Еске сала кетейік, Қазақстан 2009 жылы уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шықты және бағаның тұрақсыздығына қарамастан, бұл орнын қазіргі уақытқа дейін сақтап келеді. Қазақстан әлемдік уран өндірісінің 40 пайызын шығаруда.