Қазақстан биыл 14 мың бас ірі қара мал импорттауға ниетті - ҚазАгро

оған қоса «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 42 мыңға жуық ірі қараның аналық мал басын сатып алу қарастырылуда.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев мәлім еткен.
«Ағымдағы жылы 14 мың ірі қара мал импорттау жоспарланған, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 42 мың аналық мал басын және 1400 асыл тұқымды бұқа сатып алу қарастырылған», - деді А.Баққожаев.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда 10,5 мың ірі қара малды кіргізу, «Сыбаға» шеңберінде 20,3 аналық мал басын және 1167 асыл тұқымды бұқа сатып алу мақұлданғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, 1000 орындық мал жемдейтін алаң құрылысы қаржыландырылатын болды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өз қаражаттарына 13 мың орындық мал жемдейтін алаңдар салу жоспарланған.
Бұдан өзге, ұлттық холдинг өкілінің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде ет кластері құрылады.