Қазақстан биыл қанша сомадағы тауарды экспорттайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның биыл қанша сомадағы тауарды экспорттайтынын және импорттайтынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 69,8 трлн теңге көлемінде бағалануда. Ол бұрын нақтыланған көрсеткіштен 102 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық банктің бағалауы бойынша инфляция 8% пайызды құрайды. Экономиканың нақты секторының салалары бойынша өсу болжамы жақсарды. Құрылыстың 6,5%-ке, ауыл шаруашылығының 4,9 және өңдеу өнеркәсібінің 3,7%-ке өсуі болжануда», – деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша шектеу шараларының салдарынан қызмет көрсету секторларының өсу қарқыны азайған.

«Мұнайдың бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылады. Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы бір баррелге 42 долларды құрады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 млн тоннаны құрайды. Тауарлар экспорты 45,5 млрд долларға дейін артады. Импорт 33,8 млрд долларды құрайды. Осылайша, оң сауда теңгерімі 3,2 млрд долларға ұлғайып, 11,7 млрд доллар көлемінде болжануда», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар