Қазақстан «Бизнесті жүргізу -2012» Дүниежүзілік банкінің рейтингісінде 47 орынға көтерілді
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүнижүзілік банкінің жаңа баяндамасы, Еуропа мен Орталық Азияның өңірлері кәсіпкерлік қызметтің нормативті-құқықтық қадағалауын жетілдіру саласында өзге өңірлерден тоғыз жыл қатарынан озық келе жатқандығын көрсетті.
Бүгін шыққан «Бизнесті жүргізу 2012: Бизнесті анағұрлық ашық кеңістікте жүргізу» баяндамасында әлемнің 183 еліндегі ұлттық компанияларға әсер ететін қадағалау шараларына баға берілген және аталмыш елдердің 10 сала бойынша, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті қадағалау саласындағы рейтингісін жасайды.
Бизнесті жүргізу үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау жөнінде жоғары нәтижелерге ие болған елдердің арасында Еуропа мен Орталық Азияның екі мемлекеті бар. Олар - Молдова (99 орыннан 81-ге көтерілді) мен бұрынғы Югославия Республикасы - Македония (34-тен 22 орынға жоғарылады). Аталмыш елдер үздік үштіктің қатарына енді.
Өткен жылы 24 елдің 21-і ұлттық компаниялар үшін реттеу нормаларын жақсартты. Олар төлемге қабілетсіздік проблемасын реттеу, құрылысқа рұқсат алу, келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және инвесторлардың құқығын қорғау сынды салалар бойынша барлығы 53 реформа енгізді.
Қазақстан да бұл бағыттағы үдерістерден қалыс қалған жоқ. «Бизнесті жүргізу - 2012» рейтингісі бойынша 47-ші орынға көтерілді. Өткен жылы Қазақ еліне аталмыш рейтингтің 58-ші орны берілген болатын.