Қазақстан бокс федерациясы кубогына қатысатын командалар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясы кубогына жарыстың VIII маусымының жеребесі ойнатылды.

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының 16 командасы 4 топ бойынша бөлінді, жарысты қабылдайтын облыстар мен қалалар айқындалды. Облыстық бокс федерациясы өкілдері жеребе тартты. «А» тобына Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының командасы кірді. «В» тобына - Астана, Жамбыл, ШҚО және БҚО кірді. «С» тобына - ОҚО, Ақмола, Павлодар, СҚО кірді. «D» тобына - Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары және Алматы кірді», - делінген ҚБФ баспасөз қызметінің хабарламасында.
«А» ширек финалының жарысына Қызылорда, «В» тобы - Астана, «С» тобы - Павлодар, «D» тобына - Ақтау қатысатыны атап өтіледі. А және С топтары 7-9 қыркүйек аралығында, В және D топтары - 21-24 қыркүйекте ширек финал өткізеді. 16 команданың әрқайсының құрамында 20 спортшыдан (10 - негізгі құрам және 10 - резерв).
Кубоктың жартылай финалы мен финалы 2 және 3 желтоқсанда Спорттық жекпе-жек және спорттың күш қолданылатын түрлері конфедерациясы Кубогының аясында Алматыда өтеді.