Қазақстан бокс федерациясы кубогының жартылай финалына шыққандар анықталды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық бокс федерациясы кубогының жартылай финалында Астана, Маңғыстау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары кездеседі.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.
«14 желтоқсанда Астанада жартылай финалда Маңғыстау және Қарағанды облыстарының құрамалары және бұған дейін хабарланғандай, Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысының құрамалары кездеседі», - делінген баспасөз баянында.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалы 15 желтоқсанда елордада өтеді.