Қазақстан бокс федерациясы Азия құрлығы бойынша «Жылдың ең үздік федерациясы» деп танылды
АСТАНА. KAZINFORM - Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды.

Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы.
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбай.
U22 ерлер арасындағы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаевю
Жастар арасындағы үздік боксшы - Төрехан Сабырхан.

Жақында Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан өткен Азия чемпионаты өткен болатын.
Қазақстан бокс федерациясы Тайландтағы Азия чемпионатының финалындағы қазақ-өзбек кездесуіне қатысты шағым түсірді. IBA өкілдері Хавасбек Асадуллаевтың жекпе-жек кезінде жерлесімізді тістегенін растап, төрешілер шешімін өзгертті. Жеңіс Абылайхан Жүсіповке берілді. Ал тәртіпті өрескел бұзған боксшы бокстан шеттетілді.
Осылайша, алтын саны жағынан Қазақстан мен Өзбекстан теңесті. Жалпы есепте екі елде 10 алтыннан бар.