Қазақстан Бокс қауымдастығы кубогінің оңтүстік аймақтық жарыстары басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы кездесу Алматы облысы және Жамбыл облысы құрамаларының арасында өтеді. Бұған дейінгі Батыс Қазақстан облыстарының командалары мен Солтүстік Қазақстан командалары жарыс жолын бастап, екінші және үшінші айналымдарға шыққан еді.
«Жалпы бұл бастама Қазақстан Бокс қауымдастығының ұсынған жобасы болып табылады. Барлығы 14 облыстан 16 команда қатысып жатыр. Сәйкесінше, әр командада 10 салмақ дәрежесі бойынша 10 спортшы бәсекеге түседі», деді осы жарысты өткізуге жауапты «Астана арландары» командасының бас менеджері Болат Манкенов.
Оңтүстік командалары құрамына, сонымен қатар, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы құрамалары кіреді. Бұл командалардың сайысы бір аптадан соң өткізіледі деп жоспарланған.