Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан «Еуразия кубогі» турнирінде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың үшеуі қола жүлдегер атанды, деп жазды Olympic.kz. 

бокс
Фото: olympic.kz

Санжарәли Бегалиев, Дамир Синеев және Аслан Елдібайұлы халықаралық жарыстың қола медалін иеленді.

Олардың екеуі ресейлік спортшыға есе жіберсе, біреуі Моңғолия боксшысынан жеңілген.

Айта кетелік, бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің финалында жұдырықтасады.