Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокте өткен Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-орынға шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

Бүгін 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сұлтан Зәуірбек корейлік боксшыны айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ тағы 5 боксшымыз Азия үздігі атанды. Олардың қатарында Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалибеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев, Елдос Қадырбаевтар бар.

Ал қола медальді Ертуған Зейнулинов, Иван Ковалев және Илья Очкин еншіледі.

Айта кетейік, бүгін ғана аяқталған Азия біріншілігіне 16 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан бұл байрақты бәсекеге барлық салмақ санатында былғары қолғап шеберлерін апарған болатын.