11:44, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазақстан бокстан әлем чемпиондары саны бойынша сегізінші орында
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бокстан барлық салмақ дәрежесінде әлем чемпиондарының саны бойынша сегізінші орында тұр, деп хабарлайды vesti.kz.

Чемпиондар белдігіне екі қазақстандық боксшы ие. Олар: WBA-ның супер чемпиондары Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменов. Ұлыбритания чемпиондары да екеу екен - Карл Фроч пен Рикки Бернс.
Бұл тізімде 11 әлем чемпионымен АҚШ көш бастап тұр. Келесі орында - Жапония - сегіз, Мексика - жетеу, Ресейде төрт әлем чемпионы бар. Куба, Германия мен Филиппинде 3 чемпионнан.
Биылғы жылы Мексиканың жетістігі айтарлықтай төмендеп қалды, өткен жылы олардан 13 әлем чемпионы шыққан. АҚШ-та да өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда чемпиондар саны екеуге азайып қалған.