Қазақстан болашақта Орталық Азия аймағында «халалдың хабы» бола алады - Джамаль Бидин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов 3 қарашада малайзиялық халал индустрияның дамыту Корпорациясының (HDC) Бас атқарушы директоры Джамаль Бидинмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Джамаль Бидин Малайзия халал индустриясы, экономикалық өрлеудегі жетекші компоненттердің бірі екендігін атай келе, инвестиция үшін ең тартымды болып қала беретіндігін және елдің сыртқы сауда көлемін арттырып отырғандығын жеткізді. 2016 жылы халал өнімдердің экспортының көлемі шамамен 12,5млрд. АҚШ доллары болады, ал өнеркәсіп үлесі Малайзияда ЖІӨ-нің 7,5%-ына құрайды деп күтілуде. Экономиканың осы сегментін дамыту өткен жылы елдегі шамамен қосымша 100 000 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
2015 жылы, әлемде халал өнімдерді тұтынудың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті және шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құраған. Сонымен бірге фармацевтикалық және косметикалық, сондай-ақ жеке күтімге арналған халал стандартты өнімдерді тұтынудың әлемдік көрсеткіші де артқан. Аталмыш сектордың орташа жылдық өсімі алдағы жылдары 10,8%-ға жетеді деп болжануда, ал жалпы көлем 2019 жылдары 3,7 трлн АҚШ долларына жетеді.
Қазақстанның осы аталған индустрияның дамуына айтарлықтай әлеуеті бар екені атап етілді. Джамаль Бидин Қазақстан болашақта Орталық Азия аймағының «халалдың хабы» бола алатынын атап өтті. Оның пікірінше, экономиканың көптеген секторларын қамтитын тиісті мемлекеттік «экожүйені» қалыптастыру барысында жүйелі тәсілдерді қолдану осы бағытты табысты дамытуға негіз қалайды.
Кездесудің қорытындысы бойынша, Халал индустрияны дамыту корпорациясының делегациясын Астанаға жіберу туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстанда осы бағытты дамыту Жол картасын жасап шығару барысында ҚР-дің мемлекеттік органдарына көмек көрсетуіне қол жеткізілді.