Ұшақ апаты: Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды
Фото: Ашық дереккөзден

«Борттағы өздігінен жазғыш құралдар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі», - делінген хабарламада.

Осыған дейін «қара жәшіктің» Бразилияға неліктен жіберілетіндігі туралы сарапшылардың пікірін берген едік.

Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия құжат негізінде және ИКАО ұсыныстары бойынша, Әзербайжан мен Ресейдегі авиация саласының өкілдерімен кеңесіп, «қара жәшікті» Бразилиядағы авиация оқиғаларын тергеу орталығына (CENIPA) жіберуді ұйғарғаны бекер емес. Себебі құлаған Embraer жолаушылар ұшағы осы елде жасалады. CENIPA орталығында «қара жәшіктерді» оқуға қажет техника да, зертхана да жасақталып қойған.

Сондай-ақ «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық.

Соңғы жаңалықтар