Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздегі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон жырасының және оған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде қар жауады.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана антициклон сілемі жауын-шашынсыз ауа-райын анықтайды. Ел бойынша жел күшейеді, тұман, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Осыған дейін ҚР АШМ күзгі жауын-шашынға қарамастан, егін шығынсыз жиналғанын хабарлады.