Қазақстан бойынша қамтымдылығы 312 мың тоннаны құрайтын жеміс пен көкөніс сақтау қоймасы болуы тиіс - «ҚазАгро» холдингі

bsp; Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Қазақстан бойынша қамтымдылығы 312 мың тоннаны құрайтын жеміс пен көкөніс сақтау қоймалары болуы тиіс. Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Берік Бейсенғалиев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, Қазақстан бойынша 312 мың тонна мөлшердегі жеміс пен көкөністі сақтау қоймасы болуы тиіс. Бүгінге дейін «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы 5 жеміс сақтау қоймасын салу жобалары мақұлданды. Бұлардың жеміс пен көкөніс сақтаудағы ең жоғарғы қамтымдылығы 15-16 мың тоннаны құрайтын болады. Сондықтан әлі де болса осы бағытта біршама шаралар қабылдануы шарт», деді Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Берік Бейсенғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының ашық отырысы барысында Инвестициялық бағдарламалар талқыланып, онда еліміздің солтүстік облыстарында екі жеміс қоймасын салу жобалары қарастырылған болатын. Атап айтқанда, «Ермек и К» ЖШС жобасы бойынша Павлодар облысында 3 мың тонна, ал «Ақтоғай-Агро» ЖШС жобасы бойынша Қостанай облысында жалпы ауқымы 7 мың 50 тонна көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланған.

«Егер бұл жобалар да мақұлданса, онда республикамыздағы жеміс сақтайтын қоймалар қуаты 25-26 мың тоннаға жуықтайды. Дегенмен, еліміз бойынша әлі де жеміс қоймалары жеткіліксіз болатыны көрініп тұр», деді Б. Бейсенғалиев.

Соңғы жаңалықтар