Қазақстан бойынша транзиттік тасымалдардың деректер базасы автоматтандырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жұмыс процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі туралы хабарлайды.
Сынақтар аяқталып, көлік деректері базасының ақпараттық-талдау жүйесін (АТСТБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы информатика тасымалдау қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға, деректердің бірыңғай шоғырландырылған базасын қалыптастыруға, оның ішінде республика аумағында тразиттік тасымалдар туралы ақпаратты жинау мен өңдеуді автоматтандыруға арналған.
Бірыңғай шоғырландырылған дерекқор ҚР ИИДМ Көлік комитетінің барлық бөлімшелерінен, теңіз және шағын көлемді кемелердің иелерінен, теміржол көлігі иелерінен, сондай-ақ автокөлікпен тасымалдау бойынша ақпаратты жедел алу есебінен нақты уақыт жағдайында жинақталады.
Жүйеге «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ сынақ жүргізді. Бастапқы кодтарды талдау, ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау, жүктемелік сынау, желілік инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеу жағдайы қамтылды. 2021 жылғы 25 мамырда Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң акт алынды.
Көлік дерекқорының ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу 2006 жылы басталған болатын.