Қазақстан бірқатар елмен инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім жасамақ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан бірқатар елмен инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім жасауға ниетті. Бұл туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева айтты.

документы
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

«Саяси деңгейде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу арқылы негізгі инвестор елдермен өзара тиімді қатынастар құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Түркия, Сауд Арабиясы, Қытай, Индонезия, Қатар және Түрікменстан контрагенттерімен келісім мәтінін талқылау бойынша келіссөздердің шамамен 30 раунды жүргізілді», - деді Назира Нұрбаева. 

Сондай-ақ Италия, АҚШ, Қытай, Канада, Үндістан және Индонезиямен келісімдерге қол қою жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. 

«Мемлекет басшысының шешімі бойынша инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің қызметі толығымен қайта форматталды. Оның негізгі міндеттерінің бірі - орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып, инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешу», - деді министр орынбасары. 

Жаңа форматтағы штабтың 11 отырысы өткізілді. Олардың барысында отандық және шетелдік инвесторлардың бірқатар нақты жағдайлары қаралды. Онда проблемалық мәселелер, сондай-ақ бюрократиялық кедергілер анықталып, орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және ұлттық компанияларға олардың шұғыл шешімі бойынша 130 тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар