Қазақстан біріншілігінде топ жарған атыраулық балуандар марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облыстық герк-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының жиыны өтіп, ел біріншілігінде облыстың намысын жоғары деңгейде қорғаған балуандар сый-құрметке бөленді. 

балуандар
Фото: видеодан алынған скрин

Аталған облыстық федерация мәлім еткендей, жиынға облыстық федерация басшысы А.Тугаев, Атырау облыстық спорт интернат директоры Қ.Досқалиев, Олимпиадалық жоғарғы спорт шеберлігі мектебігің директоры Р.Кисметов және спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. 

Федерацияның атқарушы директоры С.Шыныбеков 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында өткен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында атқарылған жұмыстарды баяндап алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. 

Өз кезегінде Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тугаев Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері Болат Сақаев пен Талғат Сырбазға ақшалай сыйлық және чемпион атанған Евгений Поливадовқа Атырау қаласынан пәтер кілтін табыстап, жаттықтырушыларына сый-құрмет көрсетті.