Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды

АСТАНА. KAZINFORM –  Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына екінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Оған Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орнының курсанттары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бітімгерлерге ақжол тіледі. Ол Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

— Бітімгерлік контингентті Голан жоталарына өз бетінше өрістету — Қазақстан Республикасының және оның Қарулы күштерінің әлемдік аренадағы беделінің дәлелі. Халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және жарақтандырылған біздің контингент БҰҰ миссиясының мандаты шеңберінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын, — деп атап өтті ол.

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Бұдан соң екінші бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов бастаған әскерилер плацта салтанатты саппен жүріп өтті. Осы сәттен Қарулы күштердің 139 әскери қызметшісі алғашқы контингентті ауыстыру үшін Дамаскіге жол тартып кетті.

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

 

Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

— Бітімгерлік контингенттің барлық әскери қызметшілері ерікті негізде қабылданды. Олардың арасында екі әйел бар. Іріктеу жан-жақты дайындық нәтижелері бойынша жүргізілді. Кандидаттардың кәсіби және моральдық қасиеттері ескерілді. Біздің контингент БҰҰ мандаты шеңберінде қойылған барлық міндетті орындауға дайын екеніне сенімдіміз, — деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы подполковник Уәлихан Бәйкенов.

Бітімгерлер қандай қызмет атқарады?

Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайтын болады. Голан жоталарында қызмет еткен кезде контингенттің алғашқы құрамы қойылған барлық міндетті ойдағыдай орындап, БҰҰ миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алғанын айта кету керек.

Айта кетелік Голан жоталарынан оралған қазақстандық бітімгерлер қызметін қайда жалғастыратыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар