Қазақстан бүгін халықаралық «Жер сағаты» акциясына қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғаламшарды құтқару үшін 60 минут қараңғылыққа оранады - елдің жүзге тарта қаласы биылғы жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясын қолдайды. Бүгін бүкіл әлем сағат 20:30-да жарықты, электр приборларын және ғимараттарды жарықтандыруды өшіреді.
Бір сағат бойы елордалық Бәйтерек, «Астана опера» театры және Көктөбедегі телемұнара сияқты сәулеттік ғимараттарда жарық өшіріледі. Бүкіл елде бұл кезде бұқаралық шаралар өтеді. Алдын ала есептерге қарағанда, акцияға миллионға тарта қазақстандықтар қатысады. Экологиялық флешмобты біздің ел сегіз жыл бойы қатарынан қолдап келеді. Бұл шара алғаш рет 2007 жылы өткізілген болатын, бұған Бүкіләлемдік тұмса табиғат қоры бастамашы болды. Сөйтіп, бұл ұйым жұртшылық назарын климаттың өзгеруі проблемаларына аударуды көздейді.