Қазақстан бүгінгі жетістіктерге - халық Елбасына сенгендіктен, Елбасы өз халқын сүйгендіктен жетіп отыр - депутат Л.Хочиева

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан бүгінгі жетістіктерге - халық Елбасына сенгендіктен, Елбасы өз халқын сүйгендіктен жетіп отыр.

Қазақстан бүгінгі жетістіктерге - халық Елбасына сенгендіктен, Елбасы өз халқын сүйгендіктен жетіп отыр - депутат Л.Хочиева

Бұл ойын бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі Людмила Хочиева білдірді.

«Бүкіл әлемге танымал болып отырған бүгінгі күнгі Қазақстанның жетістіктері елдің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен байланысты. Ал ол жетістіктерге - халық Елбасына сенгендіктен, Елбасы өз халқын сүйгендігінің арқасында жетіп отырмыз. Сол елін, жерін сүйген Елбасымыз бізді әрі қарай да жарқын болашаққа, үлкен жетістіктерге жетелейді деген сеніммен, 3 сәуір күні өткен сайлауда дауыстарымыздың басым бөлігін беруіміздің себебі де сол», - деді Л.Хочиева.

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын», - деген Мемлекет басшысының керемет сөзі бар. Енді көріп отырғанымыздай, халық Елбасы үшін өз жүректерін, өз сенімдерін бәйгеге салып, президенттікке сайлап отыр. «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме! Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме?», деген қазақ мақалының мағынасы осы күні айшықтала түсті», - деп түйіндеді сөзін депутат.