Қазақстан бүкіл дәрі-дәрмектің 90 пайызын шеттен тасымалдайды - Н. Назарбаев
Ы. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ұзақ мерзiмдi перспективада, мемлекет 2014 жылға қарай ішкi қажеттiлікті 50 пайыздық отандық дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етуді жоспарлауда, ол үшiн барлық мүмкiндiктер бар.
Елбасы Астанада тікелей эфир арқылы алматылық Сергей Фроловтың, «қазақстандық тиімді бағадағы дәрілер қашан пайда болады», деген сұрағына жауап бере отырып, осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент мұның өте көкейкестi сұрақ екенін атап өттi. «Қазақстан бүкіл дәрі-дәрмектің 90 пайызын, 900 миллион АҚШ долларына шеттен тасымалдайды», деді Елбасы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның маңызды отыз жобасына кiретiн арнайы логистикалық орталық құрумен белсене шұғылданып жатқандығын жеткізді. «Бұл біріншіден, тәртіпке және бағаның төмендеуіне әкеледі», деді Президент.
Н.Назарбаев сонымен бiрге, Астана мен Шымкенттегі отандық дәрi-дәрмектерді шығаратын фармацевтикалық фабриканың құрылысы төңірегіндегі сұрақ жайында да сөз қозғады.
«Әрине, сатып алуға тура келетін препараттар бар. Бірақ олардың сапасына бақылау болуы керек. Мемлекет бұл туралы бiледi және мәселенiң шешiмiн қадағалайды», деді Елбасы.