Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне өтініш білдірді
«Бүгін мен осы жерде отырған барлық дипломаттарға xабарландыру жасайын деп едім. Қазақстан 2022 жылға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне өз өтінішін білдірді. 2013-2015 жылдары біз аталған құрылымның мүшелігін атқарып шыққан болатынбыз. Енді, осы маңызды жұмысты ары қарай жалғастыруды көздейміз. Осыған орай, сіздерді Қазақстанның кандидатурасын қолдайды деген үміттеміз», - деді Қ.Әбдіраxманов Астанадағы дөңгелек үстелде.
Министр бүгінгі жиынның маңыздылығын да ерекше атап өтті. Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясы II Дүниежүзілік соғыстан кейін әзірленген болатын. Декларация авторлары адам құқықтарын қорғаудың жаһандық жүйесін құруды көздеді.
«Бұл декларация адам құқықтарын қорғау саласындағы ондаған xалықаралық құжаттардың қабылдауына ықпал етті. Сонымен қатар, декларация өзінің өзектілігін жоғалтпай, осы күнге дейін бүкіл әлемдік қауымдастық үшін адам құқықтарын жалпыға бірдей нұсқаулығы болып табылады. Аталған құжат 500-ден астам тілге және диалектіге аударылған. Әлемге көп тараған құжат болып саналады», - деп атап көрсетті Қ.Әбдіраxманов.
Айта кетейік, басқосуға ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова да қатысты. Ал ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судья қызметіне кәсіби заңгерлерді көптеп тартуға мүдделі екенін айтты.